“Мектепке кетіп, қайта оралмаған”: Шымкентте жоғалған 6 жасар бала табылды

27.12.2023, 17:59
685
“Мектепке кетіп, қайта оралмаған”: Шымкентте жоғалған 6 жасар бала табылды polisia.kz

Шымкентте жоғалған 6 жасар бала табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Абай аудандық полиция басқармасының “102” арнасына 6 жастағы баланың жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Анасының айтуынша кішкентай ұлы әдеттегідей мектепке кетіп, үйіне қайта оралмаған.

Уайымға салынған әйел мектептегі мұғаліміне хабарласып, сабақ аяқталған соң ұлының сыныптастарымен бірге қайтып кеткенін білген. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермегендіктен уақыт жоғалтпай бірден полицияға хабарласыпты. Тәртіп сақшылары баланың ерекше белгілері туралы бағыттаманы жеке құрамға таратып, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.

Жеткіншектің жүруі мүмкін ойын алаңдары, дүкендер, қуыс көшелер мен мектеп айналасы және сол маңдағы бейнекамералар тексерілді.Үш сағатқа созылған іздеу нәтижесінде, учаскелік полицей баланы қала көшелерінің бірінде адасып жүрген жерінен тауып, аман-есен анасына тапсырды. Ойын баласы қатарластарына еріп, үйіне қайтатын жолдан адасып кеткені белгілі болды.

Өз кезегінде, жергілікті азаматша полицейлерге жедел әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары ата-аналарға қарапайым сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Мәселен, бастауыш сыныпта оқитын балаларды үйдегі ересек адам мектепте жеткізіп тастап, сабақ біткен соң алып кеткені дұрыс.

Немесе балаға үнемі сабақтан соң бірден үйге қайтуды, көшеде бөтен адамдармен сөйлеспеуді, жолдан өткенде абай болуды ескертіп отырған жөн.


Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды