Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымы АҚШ-тың California-Davis университетінде тағлымдамадан өтеді

27.12.2023, 20:27
509
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымы АҚШ-тың California-Davis университетінде тағлымдамадан өтеді gov.kz

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің PhD доктор, қауымдастырылған профессор м.а. Ақбілек Мыңбаева алдағы жылы АҚШ-тың California-Davis университетінде ғылыми тағлымдамадан өтпек. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жас ғалымға бұл мүмкіндік «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы беріліп отыр.

Ақбілек Пазылханқызы мектептерде қазақ тілі мен әдебеиеті пәнін оқушыларға жеңілдетілген әдіспен үйрету жобасымен айналысуда. Бұл жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсында жеңімпаз деп танылып, 14 миллион теңге ұтып алған. Нәтижесінде ол жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасады. Жас ғалымның әдістемесі лингвистика мен мәтінді талдауға негізделген. Оқыту мен ғылымды шебер ұштастырған маман «ЖОО үздік оқытушысы» атанып, көп ұзамай Түркияның Гази университетінде тағылымдамадан өткен. Енді міне, үздіксіз ізденістің нәтижесінде АҚШ-қа ғылым көкжиегі ашылып отыр.

Айта кетелік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де «Ғылыми тағылымдамалар» санаты бойынша барлығы 11 ғалым «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімінің қорытындысы бойынша профессор-оқытушылар енді әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттар жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық сала, әлеуметтік ғылымдар, білім бағыттары бойынша зерттеу жүргізіп, тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірмек.

+1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған