880

Астанада мас күйде көлік басқарған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Астанада мас күйде көлік басқарған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Астанада мас күйде көлік басқарған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды
polisia.kz

Кешкі уақытта “102” пультіне супермаркет жанындағы тұрақта мас жүргізуші көлік қозғалысын бұзып жатқаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері Nissan Maxima көлігін басқарған 50 жастағы ер адамның құқық бұзушылық жасағанын анықтаған.

Тексеріс барысында тиісті сараптамаға сәйкес жүргізушінің көлікті “орташа дәрежедегі” мас күйде басқарғаны белгілі болды. Сонымен қатар оның 2021 жылдың басында сот шешімімен 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны да анықталды.

Алайда берілген жазаға қарамастан, жүргізуші тағы да мас күйінде рөлге отырып, адамдарды әуреге салып, тіптен жол қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған.