Мұхамеджан Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

28.12.2023, 17:05
580
Мұхамеджан Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Мұхамеджан Қадіржанұлы 1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.

1989 жылы Ленинград жоғары әскери инженерлік құрылыс училищесін, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2006 жылы Орталық Азия университетін бітірген. 

Әскери атағы — генерал-лейтенант (2022).

1989-2007 жылддары — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының басқармасы Тыл басқармасының бастығы;

2009-2010 жылдары — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары;

2010-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы;

2013-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Бас штабы бастығының орынбасары — Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы

2017-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары.;

2019-2020 жылдары — Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Біріккен штабы бастығының орынбасары;

2020 жылғы қазаннан бастап Қорғаныс Министрінің орынбасары қызметін атқарып келді. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді