Астанадан Бурабайға қарай жаңа жылдық пойыз шықты

28.12.2023, 18:57
731
Астанадан Бурабайға қарай жаңа жылдық пойыз шықты Туризм және спорт министрлігі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астанадан Бурабайға дейінгі арнайы брендтелген электр пойызы жолға шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл – Туризм және спорт министрлігі Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бірлескен жобасы.

Арнайы пойыздың құрамы жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін іші де, сырты да жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Вагон жолсеріктері бір уақыт Аяз ата мен Ақшақар кейпіне еніп, жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, сыйлықтар тапсырады. Мерекелік безендірілген пойыз құрамы жаңа жылдық демалыс маусымы аяқталғанға дейін қатынайды.

Биыл екінші жыл қатарынан жаңа жыл қарсаңында ҚТЖ-мен бірігіп, брендтелген туристік пойызды іске қосып отырмыз. Мұндай пойыз жолаушыларға мерекелік атмосфера сыйлап қана қоймай, туристерді де тартуға мүмкіндік береді, – деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Айта кетейік, былтырғы жаңа жылдық электр пойызымен 16 мыңнан астам жолаушы тасымалданған.

Мерекелік пойыз құрамы 28 желтоқсаннан бастап аптасына 5 рет қатынайды. Астанадан Бурабай курортына пойыз «Нұрлы жол» вокзалынан таңғы сағат 06:12-де жүреді. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін пойызға Астана-1 вокзалынан да отырғызу қарастырылған. Бұл жерге экспресс пойыз таңғы сағат 06:37-де келіп, 07:00-де жүріп кетеді.

Туристік пойызды іске қосу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы «Бурабай даму» ЖШС-мен арнайы рейстің кестесіне сәйкес қысқа тур ұйымдастырады. Жаңа жыл мерекесін лайықты қарсы алу үшін Бурабайдағы «Санта» резиденциясына барып, Бурабайландта күні бойы демалу ұсынылады. Мұнда бұғы немесе ит жегілген арбамен, квадроциклмен, қарда жүретін көліктермен серуендеуге, атқа мінуге болады.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады