Qazaq Air әуе компаниясына кешенді тексеру жүргізіледі

28.12.2023, 20:16
598
Qazaq Air әуе компаниясына кешенді тексеру жүргізіледі class-tour.com

2023 жылғы 27 желтоқсандағы Qazaq Air әуе компаниясының рейстерді уақтылы орындау және көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты жолаушылар тарапынан өтініштердің артуына байланысты, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары кеше сағат 11:00-де Астана – Талдықорған бағыты бойынша IQ-429 рейсін жоспарлаған, тіркеу нөмірі «UP-DH005», «Bombardier-Q400» әуе кемесіне жоспардан тыс жедел перрондық тексеру жүргізді.

Halyq Uni тілшісінің хабарлауынша, бұл рейс ауа райына байланысты сағат 14:30-ға дейін кешіктіріліп, кейін әуе кемесіндегі техникалық ақауға байланысты тоқтатылды. Ұшуды күту кезде жолаушыларға алкогольсіз сусындар берілді. Рейстің тоқтатылуына байланысты барлық жолаушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әуе билеттерінің құнын толық қайтаруды немесе алдағы күндерге қайта брондауды ресімдеу ұсынылды. 22 жолаушының билеті 2023 жылғы 28 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша қайта брондалып, 5 жолаушының билеті 2023 жылғы 29 желтоқсанда Астана – Алматы бағыты бойынша рейске қайта брондалды, – делінген ААК хабарламасында.

Тексеру барысында авиациялық инспекторлармен рульдеу кезінде әуе винті жылыту жүйесінің ақауы анықталды. Ол ақаулар жойылғаннан кейін әуе кемесі ұшуға жіберілді.

Осыған байланысты, әуе кемесі 2023 жылғы 27 желтоқсанда сағат 19:52-де Астана – Петропавл бағыты бойынша IQ-437 рейсін орындады.

Сонымен қатар, жақын арада әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұшулардың жүйелілігін бақылау тұрғысынан әуе компаниясына кешенді тексеру жүргізу жоспарланып отыр, – делінген хабарламада.

«Бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ»: Роза Әлқожа ауыр дертпен күресіп жүргенін айтты Сәкен Майғазиев келін түсірді: әншінің ұлы Әділет сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады «Әрең алған атағым «ұшып» кетті»: Мадина Сәдуақасова әскери шені туралы ашық айтты Қой да көмектеспеді: «Атырау» клубы құрбандық шалса да, ойында жеңіліп қалды Тұрымтай тағамға айналды: Мейрамханалар торғай етін менюге кіргізді Адвокат: «Шерзаттың сотында шыққан үкім халыққа ұнамауы мүмкін» «Жатақханамен бірге 3 млн теңге»: Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқу құны арзандады «5 айлық зағип қыздың ақшасын «жеген»: Ілияс Сариевтың тағы бір «ұрлығы» әшкере болды 3 күн бітімге келейік деген Путин өз уәдесінде тұрмады Тоқаев енді Ресейдегі парадқа қатысады «Мен сүрінсем, құламауымды тіледің»: әнші Тоқтар Серіков әйелінің туған күніне ерекше сыйлық жасады (ФОТО) Каспийлік итбалық жолаушыны алдап соқты (ВИДЕО) Әкімдік Жеңіс парадына өткізбеген еңбек ардагерінен кешірім сұрады «Шапағат» сауда үйінде 10-ға жуық бутик өртенген Теміржол бойынан табылған мәйіт: Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Air Astana Үндістанға баратын әуе рейстерін тоқтатты «Сенат заңды мақұлдады»: Қазақстан жерін АҚШ-қа 49 жылға жалға береді Алматы тауларында жүрген студент қыз қайтыс болды Украинада доллардан еуроға көшу идеясы қарастырылып жатыр Бүгінгі күннің ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды