"Ашкөздігім оянды": Омар Жәлел атақ алу үшін ақша беріп, алданып қалғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
29.12.2023, 17:54
1737
"Ашкөздігім оянды": Омар Жәлел атақ алу үшін ақша беріп, алданып қалғанын айтты коллаж smartnews.kz

"Отырған сол дәметкеннен алқымым ісіп"

Smart News басылымының хабарлауынша, белгілі абайтанушы Омар Жәлел атақ сатып аламын, алаяққа алданған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Ғалым ақша мен атаққа қызығып, қатты дәметкенін айтты. 

“Бұл ашкөздік дегенді қойсайшы: “Сізді қоғам қайраткері деген атаққа ұсынайық деп едік” деп хабарласты Алқа Шаяхмет қарындасым. “7 миллион теңге аласыз. Ешкімге айтпаңыз. Ешкім білмесін. Өзім коммисияның мүшесімін. Алла қаласа Тәуелсіздік күнінің қарсаңында алып қаларсыз” деді “жанашыр” қарындасым. Содан ашкөздігім оянып, белгісіз бір рақат сезімі билеп, “Құжат жинауға керек” деген сомасын басқа бір орыс тілді әйелдің атына аударып та жібердім. Тәуелсіздік күні де келіп жетті: атақ та жоқ, ақша да жоқ. Отырған сол дәметкеннен алқымым ісіп. “Енді не болды, қарындасым?” деп хабарлассам, “Жылдың соңына дейін күтіңіз” дейді. Үмітсіз шайтан деп, отырмын енді күтіп.
Бір мен ғана емес, қасымда “Дарын” сыйлығынан үміткер тағы екі адам бар: олар 5 миллионнан аламыз деп күткен екен”, – дейді абайтанушы. 

Желі қолданушылары абайтанушының атаққұмарлығын сынға алды

"Сонда атаққа бола жүрсіз бе?", "Бар сенгеніміз сіз болсаңыз, қалғанынан не қадір?!", "Неңіз бар жалған атақ алып?", "Ұят-ай, оны несіне жетісіп салып отырсыз?", "Өмірдің мәні атақта ма еді? басқасы басқа Омеке сізге керек пе еді сол атақ? Атағың жер жарып тұрған жоқ па?" деді ғалымның оқырмандары.

Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды