27 рейс кешіктірілуде — Астана әуежайы уақытша жабылды
Қашан іске қосылады?
Smart News басылымының хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайы күн райының бұзылуына байланысты уақытша жабылды.
"Қолайсыз ауа райына байланысты Астана халықаралық әуежайының әуеайлағы 30 желтоқсан 09:00-12:00 аралығында жабық. Қазір елорда әуежайына қонатын 27 әуе рейсі кешіктірілуде. Сондай-ақ әуежайдағы ұшу-қону үшін қолайсыз ауа-райы орнауына байланысты әуекомпаниялар рейстерін кейінге қалдыруға шешім қабылдады" деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор