Павлодарда екі баланы зорлаған мұғалім 22 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
30.12.2023, 10:54
1375
Павлодарда екі баланы зорлаған мұғалім 22 жылға сотталды ашық дереккөзден

Мұғалім тағылған айыпты мойындамады.

Smart News басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында кәмелетке толмаған екі қызды зорлаған жігіт сотталды.

Белгілі болғандай, 2023 жылғы 29 желтоқсанда Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот талқылауында кәмелетке толмаған Б. мен жәбірленуші жас баланы күш қолдану арқылы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Прокурор айыпталушыны 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Іс бойынша жәбірленушілер жаза тағайындау бөлігінде мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

Сотталушы А. кінәні мойындамады, соттан оны ақтауды сұрады.

А.-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

Заңмен жасалған әрекет үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза көзделген.

"Соттылығының және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен 22 жылға бас бостандығынан айыру жасазын тағайындады", - делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, А. өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды