1375

Air Astana әуе жолаушыларына үндеу жасады

Компания астаналық жолаушыларға қалай көмектеспек?

Air Astana әуе жолаушыларына үндеу жасады
airastana

Smart News басылымының хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы Астанадан ұшатын жолаушыларға маңызды хабарландыру жасады.

"Air Astana Астана қаласындағы қолайсыз ауа-райына байланысты (қалың қар, жел, ұшаққа мұзға қарсы өңдеуді жүргізу мүмкін еместігі) Астанадан/Астанаға бірқатар рейстер кешіктірілгенін, сондай-ақ КС651/652 рейсі орындалмайтынын хабарлайды.

Сілтеме бойынша рейстердің мәртебесін бақылауды сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

Сұрақтар туындаған жағдайда әуекомпания жолаушылардан келесі нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды.

Брондау және ақпарат орталығы:

+7 727 244 4477

+7 7172 584477

+7 702 702 4477

Сондай-ақ рейстердің кешігуі туралы сұрақтар бойынша нөмірлер:

Қоңырау үшін линия: +7 7272 44 44 78

WhatsApp: +7 702 702 00 74

Online chat: airastana.com

help.airastana.com

Материал авторы