1241

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге кетті

Боксшы Отан алдындағы борышын орындауға аттанды

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге кетті
жеке парақшасынан

Smart News басылымының хабарлауынша, бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай еліміздің қарулы күштері қатарына қабылданды.

Боксшы әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін әлеуметтік желіде жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Айта кетсек, 20 жастағы Қазақстан боксшысы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Биыл мамыр айында Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған еді.

Материал авторы