"Ленинскийден Атамекенге": Павлодардағы аймақтардың атауы қазақшаланды

30.12.2023, 20:41
752
"Ленинскийден Атамекенге": Павлодардағы аймақтардың атауы қазақшаланды tengrinews.kz

Облыстық мәслихат елді мекендердің аталған атауларын бірауыздан қолдады.

Smart News басылымының хабарлауынша, Павлодар облыстық мәслихаттың VIII кезектен тыс сессиясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Медет Тауасқан бірлескен қаулы мен шешім жобасымен таныстырды. Бұл туралы UlysMedia жазды.

«Бұл бірлескен қаулы мен шешім жобасы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңына сәйкес енгізілді. Елді мекендерді қайта атау мәселесі биыл 23 қарашада облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып, оң қорытындыға ие болды»,  – деді басқарма басшысы.

Аталған актіге сәйкес Павлодар қаласының Ленин кенті – Атамекен кенті, Железин ауданының Озерное ауылдық округі мен ауылы –  Майлы, Тереңкөл ауданының Бобровка ауылдық округі – Жаңа бет, Федоровка ауылдық округі мен ауылы – Томарлы, Верненка ауылдық округі – Алтай ауылдық округі, Львовка ауылы – Алтай ауылы, Воскресенка ауылдық округі мен ауылы –  Әулиеағаш, Березовка ауылы Аққайың ауылы және Трофимовка ауылы Қоржынкөл ауылы болып қайта аталады.

Облыстық мәслихат елді мекендердің аталған атауларын бірауыздан қолдады. 

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген