1006

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайына барды

Астана халықаралық әуежайында 2500-ден астам жолаушы өз рейсін күтіп отыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайына барды
Orda.kz

30 желтоқсан күні сағат 15:00 - 00:00 аралығында жалпы саны 29 рейсті орындау жоспарланған. Алайда оның 21-і елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілсе, 8 рейс кейінге қалдырылды.

Фото: Көлік министрлігі

Әуежайдағы жолаушылар үшін Terminals Astana Airport Management басшылығы 2 мыңнан астам порция ыстық тамақ пен ыстық сусын таратты. Рейстері кешіккен жолаушылардың арасында балалар мен жасөспірімдер де бар.

Оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақар ойын ойнатып, жаңа жылдық сыйлықтар таратуда.

Одан бөлек, Астана қаласының өнерпаздары рейсін күтіп отырған жолаушыларға арнап өнерлерін көрсетуде.