Астанада ұландықтар үшін жаңа жаттығу залы ашылды

31.12.2023, 09:37
701
Астанада ұландықтар үшін жаңа жаттығу залы ашылды polisia.kz

ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының аумағында Бас қолбасшылық басшылығының, бас басқармалар мен басқармалар бастықтарының қатысуымен модульдік жаттығу залының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қызыл лентаны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов қиды.

– Жаңа жаттығу залы Бас қолбасшылықтың офицерлері мен әскери қызметшілеріне физикалық дайындықтарын нығайту үшін заманауи, жайлы жағдайда жаттығуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті генерал-лейтенант.

Салынған залда көп функциялы қуат станциясы, кроссовер, жүгіру жолы, эллиптикалық стационарлық велосипед, гантельдер, пресс-орындық сияқты спорттық тренажерлер бар. Сонымен қатар ғимаратта душ кабиналары қарастырылған. Жалпы Ұлттық ұланның әскери бөлімдері бойынша модульдік үлгідегі 50 шағын ғимарат тұрғызылған.

Нысандар Ақтау, Астана, Атырау, Жаңаөзен, Қостанай, Павлодар, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Алматы облысының Заречный және Жетіген кенттерінде  орналасқан.

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді