Air Astana рейстерінің кестесі қалпына келтіріліп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2023, 13:09
850
Air Astana рейстерінің кестесі қалпына келтіріліп жатыр airastana

Екі қосымша рейс қосылды.

Smart News басылымының хабарлауынша, Air Astana әуекомпаниясы бүгін, 31 желтоқсанда Астанадағы ауа райының жақсаруының арқасында рейстер кестесі біртіндеп қалпына келтіріліп жатқанын хабарлайды. 

Сағат 07:00-ден бастап Астанадан 10-ға жуық ішкі және халықаралық рейстер ұшып, сонша рейстер ұшып келді.  Орындалмаған рейстердің жолаушыларын жеткізу үшін әуекомпания Алматы мен Астана арасында екі қосымша рейс енгізді.

Естеріңізге сала кетейік, 30 желтоқсанда әуекомпанияның 40 рейс кешікті және 20 орындалмады.

Дубайда 200 жолаушысы және Ыстамбұлда 80 жолаушы қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, сатып алу орнында әуе билеттерін тегін қайта брондау және билет құнын қайтару ұсынылады.

Аir Astana жолаушыларға форс - мажор жағдайында түсіністік пен шыдамдылық танытқан үшін алғыс білдіреді және діттеген жеріне аман-есен жетіп, Жаңа жылды туыстары мен жақындарының ортасында қарсы алуларына тілектес.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол