1589

"Жылдағы дәстүр": Тараздағы жаңа жылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды

Не себеп?

"Жылдағы дәстүр": Тараздағы жаңа жылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды
видеодан алынған кадр

Smart News басылымының хабарлауынша, 31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 202-бабымен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шыршаның "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқанын атап өту қажет.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор