Smart News басылымының хабарлауынша, сенбілік прайм-тайм уақытында отандық арналар арасында ең көп көрермен жинайтын «Qazaqstan дауысы» мегажобасы аяқталды.
3500-ге жуық үміткер ішінен Мұса Марат үздік шығып, жеңімпаз атанды.
Мұса Марат жобаға Өзбекстан Республикасының Нөкіс қаласынан келді. 21 жастағы қатысушы Қуандық Рахымның тобында өнер көрсетті.
Суперфиналда оның қарсыласы Азамат Төрехан болды. Тәлімгері Қуандық Рахым ауа райына байланысты эфирге келе алмағандықтан жоба бойы тікелей байланыс арқылы қосылды.