"Әр қазаққа бауыр екенімді түсіндім": анасын іздеген Эдди Жан Қазақстаннан кетті

Аиса Махамбет Редактор
31.12.2023, 15:32
13082
"Әр қазаққа бауыр екенімді түсіндім": анасын іздеген Эдди Жан Қазақстаннан кетті жеке парақшасынан

"Қазақстаным, рахмет саған, туған ел!"

Smart News басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Эдди Жан Қазақстаннан кетіп бара жатқаны жөнінде хабарлады.

"Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын!

Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім.

Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді.

Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты...

Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. Қымбат Досжан мен Әсел Асқарқызы, сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін.

Қазақстаным, рахмет саған, туған ел! Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!", - деп жазған ол. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды