5800

Ажырасты деген Қайрат Нұртас отбасына жақында қайта оралуға уәде етті

Ел арасында ажырасып кетті деп жүрген, хитмен әнші Қайрат Нұртас жақында отбасына оралатынын айтты.

Ажырасты деген Қайрат Нұртас отбасына жақында қайта оралуға уәде етті
kair_n

Ол Instagram парақшасында отбасына өлең шумақтарын жолдап, өз махаббатын білдірді. Алдымен бала-шағасына, сосын әйелі Жұлдыз Әбдукәрімоваға да үндеу тастады. Әнші әйеліне жақында келетінін айтты.

Отбасым ол - асқары арманымның, Әрбір атқан арайы таңдарымның. Ұл-қыз үшін - әкелік талпынысым. Жігерімді арнасам жанұяма, Жыр-әнімді арнадым халқым үшін! Жаратқанға мың алғыс әр күн үшін! Жұлдыз, жақында келемін, - деп жазды Қайрат Нұртас.