Жаңа жылда елімізде қанша бала дүниеге келді
Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 191 сәби дүниеге келді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Олардың ішінде 101 ұл және 90 қыз бала бар.
Мереке түні туған сәбилердің басым бөлігі Түркістан облысында тіркелген - 38 сәби, екінші орында Шымкент тұр - 23. Ал Алматыда 22 отбасы сәбилі болуын атап өтті.
Елордада Жаңа жыл түнінде 10 бала дүние есігін ашқан.