Петропавлда зейнеткерді өлтірген шенеунік 11 жылға сотталды

01.01.2024, 15:27
982
Петропавлда зейнеткерді өлтірген шенеунік 11 жылға сотталды canva.com

Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің 28 жастағы қызметкері өзі пәтер жалдап тұрған зейнеткерді аяусыз өлтірген. Ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Неделя» басылымы хабарлап отыр.

Михаил Малеев Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің маманы болып жұмыс істеген. Ол әйелімен бірге Петропавлда 64 жастағы зейнеткердің пәтерін жалдап тұрған. 25 мамырда ер адам зейнеткерге төлем төлеу уақытын кейінге шегере тұруды сұраған. Бірақ алда-жалда бас тартса деген оймен өзімен бірге пышақ жасырып ала келген.  

"Өз ұсынысын қабыл алмаған соң ер адам пышақты алып, аса қатыгездікпен зейнеткердің кеудесіне, қарын және желке тұсына бірнеше рет соққы береді. Сілтелген пышақ әбден бүлінген соң сотталушы ас үйден басқа пышақты алып келіп, алдындағы әрекетін жалғастырады", – деп басылымы қылмыстық іс материалдарынан үзінді келтіреді. 

Осыдан кейін ер адам жәбірленушінің басын аяғымен теуіп, үйге алкоголь шашып, өртеп жібереді. Өзі қашып кетеді.

"Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырды. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі өкпе мен бауырдың зақымдануы, кеуде мен қарынның бірнеше жерден тесілуі, көп қан жоғалту, сондай-ақ ашық ми жарақаты, бас сүйектің сынуы", делінген іс материалдарында.
Өткен жылдың қазан айында 28 жастағы Малеев сот алдында жауап берді. Процесс барысында сотталушы кінәсін мойындап, бірақ аффект жағдайында зейнеткерді өлтіріп алғанын айтты. Болжам бойынша, әйел оны әбден қорлап, ашу-ызасына тиген. Бірақ сот мұндай айғақтарды ескерген жоқ.

Прокурор Михаил Малеевке 17 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады, ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес, оның әрекеттері "ерекше қатыгездікпен өлтіру" санатына жатқызылды. Сот Малеевті 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады