2043

Мүшел жасқа толған Сәкен Майғазиев костюмдерін халыққа таратып берді

Танымал әнші Сәкен Майғазиев мүшел жасқа толуына орай ырым бойынша киімдерін таратып беруді жоспарлауда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мүшел жасқа толған Сәкен Майғазиев костюмдерін халыққа таратып берді
saken_maigaziyev

Әншінің киімін алғысы келген халықтың санында шек жоқ. Мыңдаған адам хат жазып, өнер иесінің киімін алғысы келетінін айтқан.

Ассалаумағалайкум, асылдарым! Баршаңызға Алланың нұры жаусын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, отбымыз аман, төңірегіміз түгел, жақындарымыз жанымызда болсын. Ақ жүрегіммен екі дүниенің жақсылығын тіледім. Құттықтауларыңызға алғысым шексіз.
Бізге не тілесеңіздер Алла тағала сіздерге еселеп қайтарсын, - деп жазды өнер иесі.