Шыршаны заңсыз сатудың 400-ден астам фактісін анықталды

03.01.2024, 19:17
682
Шыршаны заңсыз сатудың 400-ден астам фактісін анықталды polisia.kz

Заңсыз ағаш кесіп, дайындауды анықтау, қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау, сондай-ақ сату фактілерінің жолын кесу мақсатында жаңа жыл қарсаңында “Шырша” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Базарларда және басқа жерлерде 724 жедел топ құрылды, оның ішінде 434-і табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп құрылған болатын. Осындай топтардың көмегімен 2,6 мыңнан астам рейд жүргізілді.

Көрші мемлекеттердің шекаралас облыстарының аумақтарынан әкелінген қылқан жапырақты ағаштарды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз сатуға тыйым салу бағытында елдімекендерде тексерістер жүргізілді.

Мәселен, “Шырша” операциясы барысында 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 12-сі заңсыз кесу фактісі, 425-і белгіленбеген жерлерде сату, 302-сі жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелерін бұзу. 4 қылмыстық іс қозғалды. Мәселен, Таразда шыршаны тікелей жеке сектор аумағынан ұрлап кеткен ер адам ұсталды. Бұл туралы полицияға үй иесінің өзі хабарлады. Қаскүнем түн жамылып биіктігі 2 метрден асатын жаңа жылдық мерекенің көшетін еш саспастан ұрлап әкетіп, 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

Ұсталған адамның айтуынша, ол олжасын Жаңа жылды тойлау үшін үйіне әкелген. Осы факті бойынша “Ұрлық” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. ІІМ табиғатқа ұқыпты қарауға және табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.

 – Егер сізге заңнаманы бұзу фактілері белгілі болса, осы фактілер туралы “102” пультіне дереу хабарлаңыз, мүмкін болса, құқық бұзушылықтарды: фото немесе бейнежазба жасап жолдаңыз, – деп атап өтті ведомствода.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті