Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа табысталған үйге қатысты шу шықты
Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Естайұлы бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа пәтер кілтін табыстаған болатын. Пәтер «Сырдария» тұрғын үй кешенінде орналасқан еді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
"Turkistan Sport үйді қашан табыстайсыздар? Әлде барлық жерде осылай дүркіретіп беріп, көзбояушылыққа өттіңіздер ме? Қанат аға, өтініш тез реттеп берсеңіз. Әйтпесе басқада дүниелердің арты ашылады. Ақша жинауға байланысты. Үйді берсеңіздер, менде тынышпын. Бермесеңіздер, Ақордаға шығуға мәжбүрміз.
Құрметті, Дархан аға!
Сізден үлкен өтініш. Облыстың спортына назар аударсаңыз. Спортшыларды демеу орнына артты шикі тірліктер жасалып жатыр. Бұл деңгейде кетсек, облыстан чемпиондар қашып кетеді. Париж алтын алады деген үміт Сәкенде көп. Ертең бетіне қарай алмай тұрмайық.
Еркегали Алимкулов аға, осындан хабарыңыз бар ма? Бар болса, қандай шешім шығарып жатсыздар?", - деді блогер.