2023 жылдағы еліміздегі ең танымал 10 есім белгілі болды

04.01.2024, 17:47
3264
2023 жылдағы еліміздегі ең танымал 10 есім белгілі болды Егемен Қазақстан

2023 жылы туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2023 жылы туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2023 жылдың танымал 10 есімі 

Ұлдар арасында Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері ең көп қойылған. 

Қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдеріне қызығушылық жоғары болып тұр. 

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері жиі қойылатын есімдер қатарынан он жыл бойы түспей келеді. 

2013 жылдың танымал 10 есімі 

Ұлдар арасында Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан есімдері танымалдылыққа ие болған. 

Қыздар арасында Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана есімдері жиі қойылған. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды