"Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар": Қымбат Досжан халықтан көмек сұрады

04.01.2024, 18:45
3780
"Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар": Қымбат Досжан халықтан көмек сұрады Қымбат Досжан

Танымал жүргізушісі Қымбат Досжан  Жәнібектің анасын іздеуді әлі жалғастыруда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Бармысың, бауырым?» хабары редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын жасауға көндіргенімізді, зерттеу нәтижесі теріс шыққанын өздеріңізге 28 желтоқсан күні тікелей эфирде жарияладық. Нәтижеге дейін, «Жазира» деген келіншектің табылғанын, ол өзінің 2002 жылғы қаңтарда Арқалыққа басқа жақтан барып босанғанын, ұлды болғанын, 4 күннен кейін қолхат жазып кеткенін, тіпті өзінің аты-жөнін өтірік айтқанын да мойындап отыр. ДНҚ нәтижесіне сенімді болу үшін басқа клиникаға, яғни ҚР Әділет министрлігі Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан қан құрамы бойынша зерттеу жүргізуді сұраған едік. Қорытынды қолымызға тиді. Екінші нәтиже бойынша да Жазира Жәнібектің биологиялық анасы емес, қорытынды: 0 %. Бала ауыстырылуы мүмкін деген күдік әлі бар. Өйткені Жәнібектің анасы деп көрсетілген, өз қолымен қолхат жазып кеткен және бүкіл оқиғаны мойындап отырған әйел табылды.

Сонымен қатар, редакция зерттеу жұмысы барысында Арқалық қаласының Жедел медициналық жәрдем стансасының 2002 жылғы қаңтардың 16-17 күндері қай мекенжайға барып, перзентханаға қанша жүкті әйелді апарғаны жөніндегі мәлімет сұрап, ресми хат жазылды. Өкініштісі, ондай мәлімет жоқ, «Заң бойынша ол мәлімет 2 жыл ғана сақталады» деген ресми жауап келді.

Дегенмен, зерттеу жұмысы жалғасады. «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясы жақын күндері арнайы Арқалыққа жолға шығады. Осы оқиғаға қатысты маңызды мәлімет білетін адамдар болса, құпия түрде қабылдаймыз, whatsapp: 8-771-321-97-86, Asel, - деп жазды ол.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды