962

Алматы әуежайының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты

Ол 1 миллион 250 мың доллар сомасындағы әуе отынын ұрлады деген

Алматы әуежайының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, Алматы әуежайының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты.

Әуежайдың экс-президенті Айбол Бекмұхамбетов 8 жылға сотталды. Сондай-ақ жанар-жағармай материалдары бөлімінің бұрынғы бастығы Қуаныш Тұмышевқа да дәл осындай жаза кесілді. 

Айта кетейік, Бекмұхамебетов пен Тұмышевқа жанармай құю кезінде 1 миллион 250 мың доллар сомасындағы әуе отынын ұрлады деген айып тағылған. Сонымен қатар сот айыпталушылардан 417 млн теңге көлемінде залал өндіріп алу туралы қаулы шығарды.