Вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бермейді: министрлік ақпаратты растамады

05.01.2024, 15:23
947
Вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бермейді: министрлік ақпаратты растамады turkystan.kz

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының төлемдері қалай болмақ?

Smart News басылымының хабарлауынша, Қаржы министрлігі вакцина алмаған балаларға Ұлттық қор ақша бөлінбейді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде вакцинацияланбаған балаларға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша төлемдер тоқтатылатыны туралы ақпарат тарады. Бұл фейк.

Бұл ақпараттың дереккөзі «Qaznews24 сатиралық жаңалықтар ақпарат агенттігі» Instagram аккаунты болып табылады.

Онда тек шындыққа жанаспайтын ойдан шығарылған жаңалықтар ғана жарияланады. Бұл туралы аккаунттың профилінде жазылған", - делінген ведомство хабарламасында..

Ақпаратта келтірілген ҚР Қаржы министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті директорының дәйексөзін де осы «жаңалықтың» авторы ойдан шығарған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Демек, вакцинацияланбаған балаларға Ұлттық қордан төлемдер жасалмайтыны туралы таралған хабарламаға сенбеген жөн. Бұл өтірік.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша жыл сайынғы төлемдер Қазақстан азаматтарының барлық балаларына есептелетін болады. Бұл төлемдерге вакцинация мәртебесінің ешқандай қатысы жоқ.

Есепті жылы барлық балаларға бірдей мөлшерде қаржы аударылады.

Ол үшін ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері жеке басын куәландыратын құжатты, оның ішінде ЖСН (егер қандай да бір себептермен болмаса) алуы керек. Сондай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетте «Балалар туралы мәліметтер» бөлімінде мәліметтердің бар-жоғын тексеру керек.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды