1117

Жастар саясаты басқармасының қызметкері 500 млн теңгені құмар ойындарына салып жіберген

Ол 200 млн теңгедей қаржыны таныстары мен туыстарынан тендерден ұтасыңдар деп алған

Жастар саясаты басқармасының қызметкері 500 млн теңгені құмар ойындарына салып жіберген
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері  жарты миллиард теңгені құмар ойынына салып жіберген. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

Күдікті 200 млн теңгеден асатын ақшаны өз таныстары мен туыстарынан алған. Әкімдік қызметкері оларды жоқ тендерге қатысасың деп сендірген.

Сот Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы қызметкерін алаяқтық бойынша кінәлі деп таныды. Ол алты жыл, сегіз айға бас бостандығынан айырылды. Ол жарты миллиард теңгенің жартысын өзі тапқан. 205 млн теңге қарызы бар.