2024 жылы алғаш боп Қызылордада үшемдер дүниеге келді

05.01.2024, 19:24
852
2024 жылы алғаш боп Қызылордада үшемдер дүниеге келді видеодан алынған кадр

Әлинұр есімді ұл, Адина мен Медина қыздар дүниеге келді

Smart News басылымының хабарлауынша, Қызылордалық отбасы биыл алғашқы үшем балақайлардың ата-анасы атанды.

Біршама уақыт дәрігерлер бақылауында болған нәрестелер бүгін перзентханадан үйіне шығарылды.

Жалпы облыста туу көрсеткіші бойынша айтарлықтай өсім бар. Былтыр өңірде 11 мыңнан астам сәби өмірге келсе, соның ішінде 171 егіз, үш үшем туған.

Қазақстан арнасының жазуынша, Жаңа жылға Қазбековтер әулеті де осындай қуанышпен жетіп, үшемнің анасы Ақбота бір сәтте көпбалалы ана атанып отыр.

"Балапандарымды аман-есен дүниеге әкеліп, аман-есен босандым. Қазір енді менің де, балалардың да жағдайы жақсы. Бір ұл, екі қыз. Ұлдың есімі Әлинұр, қыздардың есімі Адина мен Медина", - деді үшемнің анасы Ақбота Әбсаттар.
Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды