«Ұлттық қор — балаларға». Дерек қорына кіргенде қызықтың көкесі басталған

06.01.2024, 11:31
2853
«Ұлттық қор — балаларға». Дерек қорына кіргенде қызықтың көкесі басталған ашық дереккөзден

«Түсетін ақша бәрібір түссе, eGov-ты аңдып неміз бар»

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасымен ақша алатындардың нақты тізімі 15 қаңтарда жарияланады. Ал әзірге ата-аналар өз перзенті туралы мәліметтің дұрыс-бұрыстығын e-Gov электронды үкімет порталында тексеріп әлек. Өйткені кейбірі баласын тізімнен таппаса, деректер базасында өз баласының орнына бейтаныс адамдардың тіркелгенін көріп таң қалған. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Былтырдан бері сүйіншілеткен «Ұлттық қор — балаларға» жобасы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Айдың ортасында жоба қаражатына дәмелі 7 миллион баланың нақты тізімі жарияланады. Осылайша ақпан айынан бастап кәмелетке толмаған балалардың шотына қордың инвестиция табысының елу пайызы түсіп отырады.

Бұған дейін жауаптылар 18-ге толмаған балалардың деректерін eGov-тағы базадан бір тексеріп қою туралы құлаққағыс жасаған-ды. Дәл осы деректер қорына кіру барысында біраз қазақстандыққа қызықтың көкесі басталады. Өз баласының орнына өзге біреудің тіркелгенін көріп таң қалғандар аз емес. Әсіресе қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірінің оңды-солды интернетті кезіп жүргеніне наразы.

 — Мен eGov-ке кірсем, мүлдем басқа баланың аты жазылған екен. Тізімнен өз баламды таппай қалдым. Таң қалдым, қалайша деп. Деректер сонда сақталмай ма? Құпиялылық қайда?, - дейді ата-аналардың бірі Илья Рыбин.

Құпиялықтың сақталмай, дербес деректердің ауысып жатқанынан «Ұлттық ақпараттық технология» Акционерлік қоғамы хабардар. Бар айтар уәжі — мәліметтің бәрі автоматты түрде сақылдап жұмыс істеуі үшін қызу жұмыс атқарылып жатыр екен. Дегенмен eGov порталында цифрлық құжаттар жаңылысқанымен, төлемді алуға барлық баланың таласы бар. Әрбір Қазақстан азаматы Ұлттық қордан өзіне тиесілі төлемді алатыны хақ.

 — Сирек жағдайларда, цифрлық құжаттарда кейбір балалар, ата-аналар да мүлдем көрсетілмеуі немесе қате көрсетілуі мүмкін. Дегенмен бұл олардың төлем алуына әсер етпейді және ата-ана мен бала арасындағы туыстық қарым-қатынас тек цифрлық құжатта анықталмағанын білдіреді. Қазақстан азаматы болып табылатын әрбір бала Egov порталында көрсетілген деректерге қарамастан, Ұлттық қордан төлем алады,- деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ маманы Арманай Мирасқызы. 

«Түсетін ақша бәрібір түссе, eGov-ты аңдып неміз бар» деген заңды сауал көптің көкейінде жүр. Мамандар баланың жеке сәйкестіндіру нөмірін «баланы қосу» батырмасын басып платформаға енгізу арқылы шотқа түскен ақшаны бақылауға болады дейді.

 — Қорға түскен ақшаны ата-аналар egov.kz не болмаса enpf.kz платформалары арқылы бақылай алады. Қаражат тек азаматтығы бар жеткіншектерге аударылады. Құдай сақтасын, бірақ бала қайтыс болған жағдайда Ұлттық қор төлем аударуды тоқтатып, мұрагерлік құқығы күшіне енеді. Ал заңды тұлға баладан қалған ақшаны қалауынша пайдалана алады,- деді «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов. 

Болжам бойынша, 2024 жылы туған баланың шотына 18 жылда 3 жарым мың АҚШ доллары жиналуы тиіс. Кәмелетке толғаннан кейін де шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталады. Осы уақыт аралығында ақша кәдеге асырылмаса, азаматтың зейнетақы шотына аударылады. Балалар қаражатты білім алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді