9 күн қамауда болған ақтөбелік негізсіз қамалғанын дәлелдеп, мемлекеттен 500 мың теңге өндіріп алды

06.01.2024, 09:54
1059
9 күн қамауда болған ақтөбелік негізсіз қамалғанын дәлелдеп, мемлекеттен 500 мың теңге өндіріп алды tengrinews.kz

Ер адам сот үкіміне наразылық білдіріп, сот алқасының алдында негізсіз жауапқа тартылғанын дәлелдеді

Smart News басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін мемлекеттен жарты миллион теңге өндіріп алды. Бұл туралы "Диапазон" порталы жазды.

Жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Оны полицейлер тоқтатып, медициналық куәландырудан өткізуге алып барған. Сот материалына сәйкес, көлік жүргізуші алкоголь ішкен-ішпегенін анықтайтын тексерістен өтуден бас тартқан, яғни кіші дәретін тапсырмаған. Содан полицейлер билік өкілінің талабын орындамағаны үшін тағы әкімшілік хаттама рәсімдеп, ер адамды 25 тәулікке қамаған.

Көлік жүргізуші 9 күн бойы қамауда отырды. Осы уақыттың ішінде кінәлі емес екенін дәлелдеп шықты. Ер адам сот үкіміне наразылық білдіріп, сот алқасының алдында негізсіз жауапқа тартылғанын дәлелдеді.

Ұсталған көлік жүргізушіден дәл сол уақытта кіші дәрет шықпаған. Сол себепті сілекейден немесе қаннан анализ алуды ұсынған.

"Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартпаған. Демек құқық бұзушылық болмады. Осыған байланысты сот істі тоқтатты ", - дейді сот мамандары.

Бірақ ер адам онымен тоқтаған жоқ. Ол 9 күн бойы қамауда негізсіз отырғаны үшін мемлекеттің үстінен шағым түсірді. Моральдық шығынды өтеуді талап етіп, 2 миллион теңге сұрады. Сот арызды қанағаттандырды. Бірақ моральдық шығынды 200 мың теңгеге дейін азайтты. Сондай-ақ қаржы министрлігі заңгерге жұмсалған 300 мың теңгені де өтеп беруге тиіс.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды