«Бөксемді байлап жаттым»: Ерке Есмахан 8 сағат бойы терлегенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2024, 15:43
16609
«Бөксемді байлап жаттым»: Ерке Есмахан 8 сағат бойы терлегенін айтты ашық дереккөзден

«Сүйектерімді орнына қойып берді»

Smart News басылымының хабарлауынша, жақында ғана екінші сәбиін дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан қырық күндік шілде терін қалай шығарғанын айтып берді. 

«Бүгін менде көптен күткен «шілде тер» шығару церемониясы болды. Қазіргі заманда оны өз ісінің шеберіне тапсырған дұрыс екен. Алдымен остеопат маманы аяғым ауыр кезеңдегі салмақ түскен жерлерімді тексеріп, сүйектерімді орнына қойып берді. Содан соң терлеуге арналған, арнайы шөптерден дайындаған шай берді.

Үш кесе шайды ішіп алып, ыстық су, шөптерден және раушан гүлінің жапырақтары салынып, дайындалған ванна қабылдадым. Манағы жіпсіп, терлеуге дайын отырған едім, ваннаға жатқан бойда денем босап, рахат күй кештім» деді Ерке Есмахан.

Әнші шілде терін шығаруға бас-аяғы 7-8 сағат уақыт жұмсағанын жасырмады.

«Әрі қарай төсекке жатқызып, көрпе жауып терлетті. Қосымша массажы тағы бар. Соңында «пеленание» жасап, бөксені байлап, 4 сағат жатқызды. Барлығына толық 7-8 сағат уақыт кетті. Сондықтан мен мұны церемония дедім.

Жалпы, бұл айтқанымды жаңа босанған аналар да, босанғанына біраз уақыт болған аналар да қабылдаса артық болмайды. Болашақта өздеріңіздің денсаулықтарыңыз үшін пайдалы.Өзімізді жақсы көрейік, арулар!» деді ол «Инстаграм» парақшасында.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды