«Елін жерімен қосып сатып жіберген патша бізге ғана бұйырды» – Мұхтар Мағауин Назарбаев туралы

06.01.2024, 16:48
1873
«Елін жерімен қосып сатып жіберген патша бізге ғана бұйырды» – Мұхтар Мағауин Назарбаев туралы видеодан алынған кадр

"Әуел баста қазаққа қарсы жұмыс жасады"

Smart News басылымының хабарлауынша, жазушы Мұхтар Мағауин «Халық үні» басылымына берген сұхбатында Назарбаев туралы айтты.

"Ал Назарбаев жөнінде айтатын болсақ, «Ұлтсыздану ұранында» бар. Әлемде неше түрлі патша болды дедім. Данышпан патшалар болды, қолбасшы патшалар болды, саясаткер патшалар болды, ақымақ патшалар болды, психикалық ауру патшалар да болды. Бірақ халқын, елін жерімен қосып сатып жіберген патша бізге ғана бұйырыпты. Әуел бастағы көзқарасым менің. Басында үміт еттік, әрине. Президент болып отырғаннан кейін. Сол кезде бірден байқадым, бұл кездейсоқ келген адам еді ғой. Бұл – отарлық үкіметтің қойған адамы. Одан ары қарай отарлай беру үшін. Басқа кандидатуралар болды ғой. Әуелбеков болды. Мен айтам, Кәмелетдиновті қою керек еді, керек болса. Ол ақымақ, ұр да жық. Ал мынау әуел баста қойған кезде Горбачев деген зұлым адам ғой. Сол «Желтоқсанды» ұйымдастырды, қазақты жаныштау үшін. Басқаларға үлгі болсын, қазақты сабап, басқалары тыныш болады деп. Әуел баста қазаққа қарсы жұмыс жасады. Ол әлі жемқорлық, жеу деген бір ғана нәрсе бар. Қазақтың рухын жаныштады, қазақты тоздырды, аздырды. Голощекин 1932 жылы қазақтың үштен екісін қырып тастаса, бұл бүкіл қазақтың, бүкіл жан-дүниесін жоққа айналдырды", - деп пікір білдірді Мұхтар Мағауин. 

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді