"Әкесі тәрбие бермеген бе?": Тұрсынбектің қызын желі қолданушылары сынға алды

Аиса Махамбет Редактор
06.01.2024, 18:38
15096
"Әкесі тәрбие бермеген бе?": Тұрсынбектің қызын желі қолданушылары сынға алды collage smartnews.kz

"Айым өмірде де, үйде де Барби"

Smart News басылымының хабарлауынша, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі мен қызы билеген видеоларын жариялаған. Бейнежазбада Мөлдір Мұқанова ортаншы қызы Айым Тұрсынбекқызымен "Барби" әніне билеп жатыр.

Видеоны бөліскен соң Мөлдір Мұқанова жүрекжарды жазба қалдырды.

"Менің анам үш апалы-сіңлілі, мен де үш қызды бірімін, алланың қалаумен өзімде де үш қыз.
Осы үш қызым биылғы кезекті жобамда маған мықты көмекші болды. Үлкен қызым Әдемі қоюшы хореограф, шығармашылық ұжымды жоғары деңгейде ұйымдастыра алды, біраз персонаждардың костюмдерінің авторы, команданы да өзі жинап, мені ол жағынан алаңдатқан жоқ. Сол команданың ең кіші қатысушысы Айару қызым болды. Таңмен ерте тұрып, әр ісіне жауапты қарайтынына қуанып жүрдім, ал сахнадан биін көргенде тіпті көзімді ала алмай қалдым. Харизма, нақтылық, іс-қимылы, қабілеті жанындағы үлкен қыздардан еш кем емес расымен. 
Айым өмірде де, үйде де Барби. Өзін ойнап жүргендей көрінді. Осы үш қызымды кішкентайларынан ММ орталығына би, домбыра, вокалдан қалдырмай апарып жүргенім бе, қанмен келген таланты ма, жалпы сахнадан бірнеше күнге созылған жобамда көргеніме, серіктестерім болғанына өзімді Бақытты ана сезіндім", - деп қуанышымен бөлісті.

Дегенмен Тұрсынбек Қабатовтың қызының "Барби" образын көпшілік жылы қабылдай қоймады. 

Бірі "Аяқтары қалай ұзын", "Әлем аруы байқауына қатысатындай қыз екен", "Қандай сұлу қыз. Нағыз махаббаттан туған", "Сұлулығын жасырмауы керек, нағыз Барби" деп жақтаса, енді бірі "Жараспайды", "Әкесі қалайша қысқа кигізді? Тәрбие бермеген бе?", "Неге сонша қысқа кигізесіз?", "Барби деген нәзік үзіліп сызылып тұрады емеспе. Ораң сораң етіп емес" деп қатаң сынға алды.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген