"80 мың қай жерімізге жетеді?": Таразда көше тазалаушылардың жалақысы қысқартылған

06.01.2024, 19:59
683
"80 мың қай жерімізге жетеді?": Таразда көше тазалаушылардың жалақысы қысқартылған видеодан алынған кадр

Бұрын айлықтары 160 мың болған.

Smart News басылымының хабарлауынша, Таразда көше тазалаушылар мардымсыз жалақыны көтеруді талап етіп әкімдіктің алдына жиналды. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Бұған дейін 160 мың теңге алып жүрген «Жасыл ел Тараз» мекемесінің қызметкерлері биыл айлық 80 мың теңгеге қысқартылғанын айтады. Ал әкімдік мамандары бұл мәселе мемлекеттік сатып алу конкурсының өтпеуіне қатысты дейді. Өйткені қоғамдық жұмысшылар жалақының жартысын мекеме ұсынған қосымша жұмыс арқылы тауып келген.

Қаладағы тазалыққа жауапты мекемеде 500-ге жуық адам қызмет етеді. Бұған дейін 160 мың теңге жалақы алып келген жұмысшылар жаңа жылдан бері айлығымыз елу пайызға қысқарды дейді. Көше тазалап шаһардың шырайын келтіруге атсалысып жүргендер 80 мың теңгемен қалай күн көреміз деп қапалы.

— 80 мың теңге қай жерімізге жетеді? Жылда әкімдікке келіп шешуіміз шарт емес шығар. Басшылар жоғарыда не істеп отыр?

«Жасыл ел» қарызбы,з сол қарыздан шығу үшін сіздерді сексен мыңмен штаттан шығарды да, «Жасыл елді» қарыздан шығару үшін қарапайым жұмысшыны құрбан етті, былай айтқанда. Сөйтіп бір жылдан кейін бізді бірте-бірте штатқа қабылдаймыз деген. Ешкімді қабылдаған жоқ, - дейді жұмысшылар.

Көше тазалаушылардың еңбек дауы жыл сайынғы дәстүрге айналды. Бұған дейін тазалыққа жауапты мекеме бюджетке 1 млрд 300 млн теңге қарыз болып мемлекеттік конкурстан шеттетілген. Сондықтан жұмысшылар қосымша жұмыстан қағылып, жалақысы екі есе азайған. Алайда әкімдік мамандары былтыр тарап кетудің аз-ақ алдында тұрған мекемеге «бір көзден қаржы беруге мүжбүр болдық» дейді. Өйткені коммуналдық мекемеге мемлекеттік тапсырыс берілмегенде, жүздеген адам жұмыссыз қалатын еді.

 — Былтыр біз жұмыс орнын сақтап қалу үшін бір көзден келісімшарт жасадық. Салыққа қарызы болуына байланысты конкурсқа қатыса алмады. Сондықтан бір көзден келісімшарт жасады. Бірақ бұл шешімімізді бақылаушы органдар заңсыз деп тауып, соттың шешімімен келісімшартты бұзуға мәжбүрлеп отыр, - деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков. 

Қала әкімі биыл мұндай тәуекелге бара алмағанын айтады. Алайда былтырғы қарызынан бір жыл ішінде құтылған мекеме мемлекеттік конкурсқа қайта жіберілген. Осылайша әкімдік өкілдері қоғамдық жұмысшылар мемлекеттік сатып алу науқаны аяқталғанша, 80 мың теңге айлықты місе тұта тұруына тура келеді деп отыр.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты