Бекжан Тұрыс: "Даңғазашылар, дабырашылар, қиқушылар, “ұргөппелер” көбейді"

06.01.2024, 20:13
23141
Бекжан Тұрыс: "Даңғазашылар, дабырашылар, қиқушылар, “ұргөппелер” көбейді" ашық дереккөзден

Асқар Наймантаевтың қырқында Бекжан Тұрыс көпшілікті ойландырар жазба қалдырды.

Smart News басылымының хабарлауынша, актер Бекжан Тұрыс өмірден өткен досы Асқар Наймантаев туралы естелігін бөлісті.

Марқұм Асқар Наймантаев туралы жазбасында актер оның өнерге деген адалдығын айтып, ерекше жан болғанын атап кетті.

"Зымыраған уақыт-ай...

Туған даласы мен туырлығы биік тауларына тынымсыз шапқылап, перзенттік болмысымен өзі қайта жаңғыртқан "Халық театры" дейтін аса күрделі, қанатты, қуатты өнердің өрісін көркейтіп, Қазақ дейтін туған халқына бойында барын өнері арқылы сарқа ұсынған Асқар бауырымның да қырқы кеп қапты.

Халқының сахна мәдениетінің жоғын жоқтап, кем-кетігін түгендеп, өнер деген қасиетті мекенге қаршадайынан кіріп, миуалы бағының жемісін жеп ержеткен Асекең қазақ өнеріне қал-қадірінше үлес қосты.

Өнер үшін өмір сүрудің не екенін дәлелдеді.

Ешқашан мәселесі бітпеген қазақ мәдениетінің жыртығын жамасам, ортайғанын толтырсам деп жанталасты.

Жұдырықтай жүрегін өнер үшін аямай ауыртты.

Еңбегімді біреу көрсін, бағаласын деген жоқ, өзімнің азаматтық парызым деп ұқты. Даңғазашылар, дабырашылар, қиқушылар, “ұргөппелер” көбейген заманда өнерді өмірдің өзі деп ұғып, ұйқысыз түндері мен күлкісіз күндерін тек ұлы мәртебелі өнерге арнап, ауыл мәдениетінің өсіп-өркендеуіне, Халық театрының кемелденуіне аянбай еңбек етті.

Ішкен асын жерге қойып, керек кезінде алыс-жақын деп көлік таңдамай, бап тілемей, таксилетіп жолға шыға беретін.

Бір күн Қарадалада жүрсе, бір күн — Нарынқолда, бір күн — Қаракемерде, бір күн Алматыда жарғақ құлағы жастыққа тимей, жаңалық пен жақсылық атаулыны іздеумен жүретін Асқар әмбебап еді... Ұстаздығы, режиссерлігі, жазармандығы, актерлігі — осының бәріне қабілеті бірдей еді.

Ешкімге жалтақтап- жалбаңдамай, сыртқа момын ғұмыр кешіп, өмірінің баянын өнермен өрді.

Ол ел-жұртының дәстүрін, салт-санасын, әдеп- ырымын, ұлтының эстетикалық талғамын, ұлттық мәдениетін жеке басының күйкі тірлігінен жоғары қойды.

Жаратылысынан біткен сабыр мен салмағын сақтай отырып, кез келген қоғамдық ортада өзінің ойын бүкпесіз айтып, әзіл мен қалжыңның ілгек түймелерін ағытып отыратын. Тірлік қанжығасында жүріп айтқан көп сөзі көзі тірісінде аңызға айналды.

Ел мүддесін екі елі естен шығарған жоқ. Бәрі адамның ойлағанындай бола бермейді ғой, арманы көп еді... Амал қанша...

Жалған дүниедегі сағым бейнесі енді тек еске алумен ғана жұбаныш болып отыр. Шарасыздықтан тарыққан көңіліңе кеңшілік көрсете алмаған кездеріміз болса, кешір, Асеке...", - деп мұңын шақты әртіс.

Актердің бұл жазбасы көпшіліктің жүрегін елжіретіп, оқырмандары көңіл айтты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды