754

Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
polisia.kz

Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі "Мүгедектерге арналған тұраққа" көлігін қойған болатын. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады.

Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.