Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 100-ден асты
Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.
Киодо агенттігінің мәліметінше, тағы 516 адам жарақат алған.
Қазір табиғи апат аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтар бар. Әзірге зілзаладан келген шығын көлемі белгісіз. Ел орталығында ондаған адам әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Жолдардың қирауынан тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жағында да қиындықтар бар.