Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласына қатысты тағы бір тың дерек шықты
Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан, яғни Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Эдди Жан Қазақстаннан кетіп бара жатқаны жөнінде хабар тараған еді. "Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір ақпаратты айтты.
Оның айтуынша, Жәнібектің анасы болуы мүмкін тағы бір әйел ДНҚ сынамасын тапсырған.
"Зерттеу жұмысы барысында "Бармысың бауырым?" редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана – Айгүл", - деп жазды.