787

Қаракөлдегі өлген аққулардың саны 600-ден асты

Ақтау маңындағы Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 601-ге жетті.

Қаракөлдегі өлген аққулардың саны 600-ден асты
Үстірт қорығы

Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлап отыр.

2023 жылдың 21 желтоқсанында Қаракөл көлінде аққулардың өлгені туралы алғашқы хабарлама түсті. 6 қаңтардағы жағдай бойынша біз 601 бастың өлімін тіркедік. Өлген аққудың 90%-дан астамы – балапаны. Біз Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының орнитологтарынан қосымша зерттеу жұмыстарын күтеміз, - деді  Облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Сараптамалардың нәтижесі аққулардың құс тұмауын жұқтырғанынан өлуі мүмкін екенін анықтады.