Әнші Алтынай Жорабаева сәбиінің есімі мен жынысын айтты
Танымал әнші Алтынай Жорабаева сәбиіне қандай есім қойғанын айтты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
"Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтау мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің "аман-есен жаның қалсын" деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс", - деп жазды әнші.