"Мәйітті немересі көрген". Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат шықты

09.01.2024, 09:27
1206
"Мәйітті немересі көрген". Кісі қолынан өлген зейнеткер мен ұлының қазасына қатысты тың ақпарат шықты КТК телеарнасы

Талдықорғанда 72 жастағы зейнеткер мен оның 52 жастағы ұлын бауыздап кеткен. Оқиғаның егжей-тегжейі белгілі болды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, анасы мен баласының мәйітін қонақтан қайтқан немересі бұрын көрген. Полиция қызметкерлері "Екі марқұм да бірнеше жерден салынған пышақ жарақатынан өлді" деген болжам айтып отыр.

Қылмыс болған үйде ит пен мысықтан басқа ешкім қалмады. Аумақ сары лентамен оқшауланған.

"Полиция бесінші қаңтарда Талдықорғанда жеке үйден табылған зорлық өлімінің белгілері бар қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлының өлімін зерттеп жатыр. Күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды іздеп жатырмыз", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 5 қаңтарда Талдықорғандағы Ақбастау көшесіндегі жер үйде тамағы кесілген екі адам өлі табылғанын хабарлаған едік. Жетісу облыстық полиция департаменті бұл фактіні растағанымен, қылмыстың жай-жапсары туралы ашып айтпады.

"Жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.

Ал кеше, 8 қаңтарда Жетісу облысының полициясы осы қылмысты жасады деген күдікпен 1980 жылы туған Игорь Баланды іздестіріп жатқаны белгілі болды.

Ерекше белгілері: мойынның сол жағында шаян суреті бар (татуировка), қолдарының бірінде саусақ жоқ.

"Іздеудегі тұлғаның орналасқан жері туралы ақпараты бар барлық адамға дереу полицияға хабарлауды сұраймыз: (8-7282) 608066, (8-747-431-31-33, 8-778-654-86-86) немесе 102", - делінген хабарламада.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды