"Көп жауапкершілік алып қойыппын": Индира Расылхан күйеуімен ажырасу себебін айтты
Танымал әнші Индира Расылхан жолдасымен ажырасу себебін айтты. Бұл туралы ол өзінің парақшасында жариялады.
“Біз деген ақылдымыз. Күйеуді кінәлауға дайын тұрамыз. Ол жалқау болып туған, мамасының баласы, мәселені шеше алмайды, бала-шағасын ойламайды” деп мін тағамыз. Ал өзіміз ақылдымыз, сұлумыз, жауаптымыз, отбасы мен бала-шағаны ғана ойлаймыз. Өзім жайлы айтатын болсам, ұзақ әңгіме болып кетейін деп тұр. Қысқасы, бір-біріміздің орындарымызды алмастырып алдық. Оған мәселені шешуге мүмкіндік бермедім. “Өзім-өзім” деп мойныма көп жауапкершілік алып қойыппын. Біздегі мәселе осы болды. Көп қателік әйелдің тәкәппарлығынан болады. Мен күйеуімнен жасап шығарамын деп тиеді. Адамды өзгерту мен оны жасап шығару мүмкін емес”, – деді әнші.
