Ақтөбелік келіншек «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызда босанып қалды

09.01.2024, 10:48
891
Ақтөбелік келіншек «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызда босанып қалды Ғ.Абдрахманова

«Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызға мінген жүкті келіншекті жолсерік босандырып алды. Кейін оны жақын маңдағы Жем стансасында дәрігерлерге тапсырды. Бұл туралы Kazinform. хабарлап отыр.

Оқиға өткен аптаның соңында болды. Жүкті келіншек «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы пойызға Тоғыз стансасынан мінген. Сол кезде толғақ қысып, жолсерікке хабар берілді. Ал жолсерік пойыз машинисіне айтып, жақын маңдағы стансаға жедел жәрдем шақыртты. Жем стансасына жеткенше әйелді жолсерік босандырып алды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыздың жолсерігі Ғалия Қабдрахманова вагонда босанған әйелге қажетті көмек көрсетті. Кейін нәресте мен анасын жедел жәрдем қызметкерлері қабылдады.

«Мен баламның өмірі үшін қатты қорықтым. Алайда пойыз қызметкерлері маған осындай жағдайда көмек көрсетіп, жанымнан кетпей, аман-есен босануыма септігін тигізді. Бұл күн біздің отбасымыз үшін естен кетпес сәттердің біріне айналды. Енді қызым есейген кезде бұл ерекше оқиғаны айтатын боламыз», - деп бөлісті жас ана Айнагүл Тілеубергенова. Ата-анасы дүние есігін ашқан нәрестенің есімін Малика деп қойған.

Айта кетейік, жолсеріктердің көмегімен соңғы 3 жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 11-ге жуық сәби дүниеге келді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады