Ақмола облысының тұрғыны елікті атып өлтірген

09.01.2024, 15:36
530
Ақмола облысының тұрғыны елікті атып өлтірген polisia.kz

Ақмола облысының тұрғыны елікті атып өлтірген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Осы жылдың 6 қаңтарында Шортанды ауданының полиция бөліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық алқаптардың резервтік қорында браконьерлік фактісі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында жергілікті тұрғын аң аулау кезінде елікті атып өлтіргені анықталды. Ер адам заңсыз аң аулағанын мойындап, полицейлерге орманда жараланған жануарды көріп, оны атып тастауға шешім қабылдағанын және ұшасын үйге апаратынын айтты. Аңшы көлігінің салонында үш аңшылық мылтық пен оқ-дәрі табылды.

"Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

 

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады