52 жылдағы алғашқы американдық модуль Айға аттанды
«Перегрин 1» ай модулі («Сапсан 1») бар «Вулкан Кентавр» зымыраны Астана уақыты бойынша сағат 13:18-де Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл туралы Orda.kz хабарлап отыр.
Бұл NASA 1972 жылы Ай жобасын қысқартқаннан бері Жер серігіне қонуға бағытталған американдық ғарыш кемесі алғаш рет ұшырылды.
Бірақ бұл жолы ғарыш аппаратын АҚШ мемлекеттік мекемесі емес, жеке компаниялар жасаған.Зымыранды Boeing және Lockheed Martin бірлескен кәсіпорны United Launch Alliance, ал ай модулін Astrobotic Technology компаниясы жасаған. CNN хабарлауынша, оны жасауға 16 жыл кеткен.
Есептеулер бойынша, Перегрин 1 23 ақпанда Айға жетіп, оның бетінде 10 күн жұмыс істеуі керек. Одан кейін құрылғы төмен температураға байланысты жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ, 2024 жылдың күзінде Америка Құрама Штаттары Айға Артемида II басқарылатын миссиясын ұшыруды жоспарлап отыр.