Астанада ер адам қайын әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс берген

10.01.2024, 10:12
1153
Астанада ер адам қайын әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс берген canva.com

Астанада әйелінің туысын өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралды.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бойынша Ш. алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін 10 жылға, ал Н. көмек көрсеткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

"Сот Ш. Н.-ға жұбайының әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге тапсырыс бергенін анықтады. Себебі ол өзіне сақтау үшін қалдырылған ақшаны жұмсап қойған. Ал Н. өзінің танысы В.-ға кісі өлтіруді ұсынды. Алайда В. бұл туралы полицияға хабарлады. Полиция тапсырыс беруші мен кісі өлтірушіні ұстау мақсатында жәбірленушінің өлімін имитациялап, сотталғандарды ұстады",  деп жазылған сот мәліметінде.

Қорғаушы тарап апелляциялық шағымдарында үкіммен келіспей, Ш. мен Н. жәбірленушіні өлтіруге емес, оның ақша туралы біраз уақытқа ұмытуын көздеп, тек ұрып-соғуға тапсырыс бергенін айтты. Сот алқасы сотталғандардың кінәсі куәгердің айғақтарымен, әңгімелесу стенограммасымен, тәркіленген заттай дәлелдемелермен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.

Соттың 25 желтоқсандағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды