843

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов жол апатына түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары жол апатына түсті
Павлодар өңірлік коммуникациялар қызметі

kerek.pv Telegram арнасы мәліметінше, Батырғұжинов құтқарушыларға қатысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссия құрамында болған ол Майқайыңнан Павлодарға келе жатқан. Асфальттың тайғақ болуынан жеңіл техника жүргізушіге бағынбай, жолдан шығып кетіп, аунаған.

«Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов пен көлік жүргізушісі дін аман. Тек Серік Барлыбайұлы аздап жеңіл жарақат алған. Денсаулығына төніп тұрған ешқандай қатер жоқ», - дейді баспасөз қызметінің басшысы.