704

Өскемендік шенеунік әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін пара алған

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты.

Өскемендік шенеунік әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін пара алған
inform.kz

Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

«ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Өскемен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылушыларға мерзімді әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін ел азаматтарынан бірнеше рет пара алу бойынша күдікке ілінді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді ол.